Алматы қаласының Түрксіб ауданының полициясы 51 жастағы әйелді алаяқтық жасаған күдікті ретінде ұстады, деп хабарлайды қалалық ДП баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына.
Күдікті ұзақ уақытқа пәтер жалдап, тұрғын үй сатып алуға ниет білдірушілерге пәтер банкке салынып, оның меншігіне көшкенін айтып, сондықтан сауда-саттық арқылы арзан сатылатынын, оған қатысу үшін және пітерді сатып алу үшін 3-4 миллион теңге көлемінде кепілақы төлеу қажет екенін айтқан.
Алаяқ осылайша Түркісіб ауданында үш қылмыс жасаған. Оның қаланың басқа аудандарындағы қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Бұған дейін ол осындай қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Сурет: баспасөз қызметі