Алматыда елімізде тыйым салынған “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысының белсенділерін ұстады, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
3 шілдеде Алматы полициясы тергеу барысында Ж. Демеуов, О. Шевчук, Г. Джаукеров және А. Әшірәлиевтің осы экстремистік ұйыммен байланысын орнатты, нәтижесінде олар ұсталды.
Тергеу барысында құқық бұзушылар ҚІІБ-ның тыйым салынған акциясын өткізуді жоспарлағаны анықталды.
Айыпталушылардың тұрғылықты жері бойынша үгіт-насихат плакаттары, парақшалар, сондай-ақ арандатуды ұйымдастыруға арналған құралдар, түтін шашкалары, дауыс зорайтқыштар, аэрозольды бояулы баллондар, компьютерлер мен байланыс құралдары табылды. Сонымен қатар, ірі ақша сомасы табылды, олардың есебінен акциялар өткізуді жоспарлаған болуы мүмкін.
Бүгінгі күні тергеу амалдары жалғасуда.
Сурет: ca-news.org