Алматы мәслихаты бизнесмендер үшін жаңа салық мөлшерлемесін бекітті, – деп хабарлайды Мемлекеттік кіріс министрлігі комитеті мен Қаржы министрлігі баспасөз қызметі.
Ойын автоматтары, боулинг ойын жолдары мен бильярд үстелдеріне ставкалар айтарлықтай төмендеді.
Бір ойыншы үшін ұтыссыз ойын автоматына салық ең төменгі есептік көрсеткіштен 12-ден 9-ға дейін, немесе 25%-ға, екі және одан да көп ойыншыға арналған ұтыссыз автоматқа – 18-ден 13 АЕК-ке дейін, немесе 28%-ға, боулингке – 42-ден 20 АЕК-ке дейін, немесе 48%-ға, бильярд үстеліне – 40%-ға, немесе 25-тен 15 АЕК-ке дейін төмендетілді.
Салықты төмендетудің мақсаты – бизнесті белсенді дамытуға және заңсыз кәсіпкерлікті «көлеңкеден» шығаруға көмектесу.
Сурет: Ia-centr.ru