Алматы қаласының коммуналдық қызметтері нөсерге толығымен дайын, деп хабарлайды inform.kz.
«Суды кедергісіз өткізу және суды сору жұмыстарын ұйымдастыру үшін 475 адамнан мобильді бригадалар, 132 бірлік арнаулы техника және 25 қозғалтқыш сорғы дайын», – делінген хабарламада.
Жергілікті тұрғындар нөсерден үлкен әсер алып, су тасқынынан түсірілген фотосуреттер, бейнежазбаларымен бөлісуде. Аудан әкімдіктерінде және құтқару қызметтерінде тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылады.
Нашар ауа райы және су тасқыны Қазақстан көптеген аумағын қамтыды. Коммуналдық және құтқару қызметтері жергілікті тұрғындардың тыныштығы үшін нон-стоп режимінде жұмыс істеуде.
Сурет: tengrinews.kz