Еңбекшіқазақ ауданында бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары медицина қызметкерлеріне өздерінің қызметтік көліктерін уақытша пайдалануға тапсырды. Бұл туралы “Қазақпарат” ақпарат агенттігі хабарлады.
Есік және жиырма бес ауылдық округ әкімдері қайырымдылық акциясын өткізуде. Атап айтқанда, олар күн сайын дәрігерлер мен пневмониясы бар пациенттерді 40 литр қымызбен қамтама етеді.
“Бұл акцияны ауылдық округ әкімдерінің бірі ұсынды. Әріптестерінің жоспары ауданның барлық округ әкімдері қолдады. Сондай-ақ, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары карантин кезінде учаскелік дәрігерлерге өздерінің қызметтік көліктерін жүргізушілермен бірге уақытша пайдалануға берді. Дәрігерлер бұл көліктермен науқастарға шақыруға барады”, – деп атап өтті Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Сурет: inform.kz