Қазақстанның оңтүстік астанасында жер телімдерін мемлекет мұқтажы үшін меншік иесінен ала бастады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы әкімдігінің қаулысына сәйкес, Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы Жас Қанат шағын ауданында және Саин көшесін тесіп жол салу үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алу басталады.
Сонымен қатар, Түркісіб ауданындағы Читинская көшесі бойында кәріздік сорғы стансасын салу үшін, Сейфуллин даңғылы, Жетісу ауданындағы Жансүгіров көшесінің бұрышында автомобиль көлігі объектісі үшін жер телімдері алынатын болады.
Меншік иелері осы жылдың соңына дейін жер телімдерін оңтүстік астананың мемлекеттік активтер басқармасының балансына беруі қажет. Жер телімдері үшін меншік иелеріне заңнамаға сәйкес өтемақы көзделген.
Сурет: ktelegraf.com