Алматыда Тәтібеков пен Коперник көшелерінің қиылысында үш жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Total.kz тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, Toyota Татибеков көшесінің бойымен шығыс бағытында келе жатты. Ұзақ бұрылыста жүргізуші көлігін басқара алмай, жол жиегіне қоғамдық көліктің аялдамасына соғылып, онда тұрған екі қыз бен бір ер адамды қағып кетті.
Осыдан кейін автокөлік аялдама мен тұрғын үй арасынанқорша уды бұзып щықты. Куәгерлердің айтуынша, үшеуінің де аяқтары сынып, ауруханаға жеткізілді. Кейін жүргізуші мас күйінде болғаны анықталды.
Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын толық анықтаумен айналысуда.
Сурет: tengrinews.kz