Алматыда үш жасар қызды екі ротвейлер талап тастады, деп хабарлайды “ҚазАқпарат”халықаралық агенттігінің тілшісі.
Қайғылы оқиға бүгін таңертең «Құрылысшы» шағын ауданында орын алды. Аулада қызға екі ротвейлер бас салған. Ол алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Балада дененің, аяқ-қолдың, бастың көптеген жыртылған жаралары және бас сүйегінің ашық сынығы болды.
Иттер қалалық ветеринария орталығында изоляторға орналастырылғанын хабарлады. Олар қаза тапқан қыздың отбасына тиесілі.
Ветеринария орталығына шақыру 12 сағат 30 минутта келіп түсті. 20 минут ішінде ветеринарлық қызметтің екі бригадасы оқиға орнына шықты. Иттер бақылауда. Иттерде құтырудың болуына сараптама жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 104-бабы “абайсызда өлтіру” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстарын Алатау ауданының полиция басқармасы жүргізуде.
Сурет: kaztag.info