Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Алматыда ІТ-саласын қолдау үшін жаңа арнайы кеңес құрылады

6 года назад
В Алматы создаётся новый специальный совет для поддержки IT-сферы

Қазақстанның оңтүстік астанасының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың ІТ-қауымдастығымен кездесуінде сандық технологияларды қолдау және дамыту үшін арнайы кеңес құрылатынын айтты.

Кездесу барысында IT-саласын дамыту, қаланың тыныс-тіршілігіне қатысу және Алматы экономикасындағы үлесті кеңейту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, сандық компаниялардың мамандары осы саланы одан әрі қалыптастыру туралы өз ойларын айтты.

Кездесуге қатысушылар алдында сөз сөйлеген оңтүстік астананың басшысы Алматыны дамыту жөніндегі өткен кеңесте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың тыныс-тіршілігінің барлық салаларын цифрландыру бойынша жұмысты жандандыруды тапсырғанын атап өтті.

«Сондықтан біз үшін сіздердің көмектеріңіз маңызды. Құрылатын IT-кеңес аясында айына бір рет жиналып, нақты сұрақтар қойып, олардың шешімін табатын боламыз. Ең бастысы, кеңес IT-саласын дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін тиімді алаңға айналуы тиіс», — деді Сағынтаев.

ІТ-саласын дамыту туралы айта келе, Бақытжан Сағынтаев қалалық әкімдік қажетті инфрақұрылымды құруға және барлық мүдделі тараптардың қызметін үйлестіруге көмек көрсететінін атап өтті. Оның айтуынша, қазір мегаполис экономикасының құрылымында осы сала маңызды орын алуы үшін, оны жақсарту міндеті тұр.

Сағынтаевтың айтуынша, Алматы IT-саладағы ең инновациялық және озық қалалардың біріне айналуы тиіс. Осы мақсатқа жету үшін барлық мүмкіндіктерді, оның ішінде бай адами капиталды, сондай-ақ ғылыми-зерттеу орталықтары мен жоғары оқу орындарының әлеуетін пайдалану қажет.

Сурет: in business.kz

Новости СМИ2
Алдыңғы

Тоқаев әкімдерге және мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысына бірқатар тапсырмалар берді

Келесі

Израиль Қазақстандағы елшілігін жапты

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.