Алматы қалалық жайлы орта басқармасында оңтүстік астанада 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ абаттандырылатынын айтты. Бұл шарт мердігер ұйыммен жасалды, деп хабарлайды tengrinews.kz ақпараттық агенттік.
Алматы басқармасының ақпараты бойынша, бұл саябақты абаттандыруға 946,6 миллион теңге жұмсалады.
Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта су құбыры жүйесі жаңартылып, қоршаулар қайта жаңартылады. Бұл жерде үлкен субұрқақ орнатылып, орындықтарды ауыстырады, сондай-ақ ағаштар мен гүлдер отырғызылады.
Сонымен қатар, қазір оңтүстік астананың Бостандық ауданында Есентай өзені бойындағы Достық саябағын қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алматы әкімінің кеңесшісі Наталья Левинскаяның айтуынша, бұл мақсатқа 400 миллион теңге жұмсалады. Оның айтуынша, жоспарға сәйкес, жұмыстар биылғы жылдың қыркүйек айында аяқталады.
Алайда, Алматы тұрғындары бұл саябақты қалпына келтіруді мақұлдамайды, өйткені олардың пікірінше, жұмыс аяқталғаннан кейін саябақ ойын-сауық алаңына айналады.