“Қазселденқорғау” Алматыдағы Есентай өзені арнасының учаскесінде тазалау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.
Жыл сайын көктемгі су тасқынынан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің “Қазселденқорғау” мемлекеттік мекемесі Есентай (Весновка) өзенінің бекітілген учаскесін тұнба шөгінділерінен, тастардан және қоқыстан тазартуды жүргізеді. Ағымдағы жылы 4 сәуірде Есентай су қабылдағышынан әл-Фараби даңғылына дейінгі учаскеде жұмыстар басталды.
Тазалауға сегіз арнайы техника мен “Қазселденқорғау” қызметкерлері кірісті. Жұмысты 12 сәуірге дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Тазалаудың 2-ші кезеңі – әл-Фараби даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейін – маусым айының басына жоспарланған. Тазарту жұмыстарын қаржыландыру республикалық бюджетте көзделген.
Сурет: ДЧС Алматы