Алматыда экстремистік ұйымға қатысқаны үшін үш күдікті қамауға алынды. Оларға “Экстремистік ұйымның қызметіне қатысу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұған дейін Шевчук, Демеуова және Джаукероваға бірнеше рет түрлі құқық бұзушылық айыбы тағып, әкімшілік жаза қолданылған. Бірақ, аталған адамдар заңсыз істерін жалғастырып,азаматтарды тыйым салынған экстремистік қоғам ұйымдастырған қоғамға қарсы іс-шараларға қатысуға шақырды. Бұл туралы Алматы полициясы ЖП баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлады.
1 маусым күні Алматы қаласының тергеу соты тәртіп бұзушыларды, айқын айғақтардың негізінде, үй қамауына алған.