Алматыда #TazaAlmaty экологиялық акциясы аясында қаланы тазарту жоспарлануда, деп Zakon.kz хабарлайды.
27 шілдеде Көк Жайлау үстіртінен қаланы тазалау жұмыстары басталады, одан кейін Алматының барлық ластанған жерлерін, сондай-ақ іргелес аудандарды қоқыстан және балшықтан тазартылады.
Хабарланғандай, #Birge #TazaQazaqstan акциясына ҚР премьер-министрі Асқар Мамин бастамашы болды.
Жоба белсенділері акция аясында соқпақпен бес шақырым жүріп, қоқыс жинайды.
Акцияның мақсаты мегаполистің қоршаған ортасын жақсартуға үлес қосу болып табылады. Жобаның көмегімен экологиялық мәдениетті дамыту жоспарлануда.
Акцияға барлық тілек білдірушілер қатыса алады.
Сурет: zakon.kz