Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы мегаполистің қанша тұрғынына COVID-19-ға қарсы екпе жасалғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz жаңалықтар ресурсы.
Кеше, 1 ақпанда 300-ден астам азамат вакциналанды. Ал, қазіргі уақытта тағы 500-ден астам дәрігер егілді.
“Кешке дейін вакциналанғандар одан да көп болады”, – деп толықтырды ведомство.
Коронавирусқа қарсы жаппай иммундаудың бірінші кезеңі барысында жұқпалы аурулар ауруханалар, жедел медициналық жәрдем, реанимация бөлімшелерінің, қабылдау бөлмелерінің, санэпидқызмет қызметкерлері вакциналаудан өтеді.
Сондай-ақ, 1 ақпанда ЖРВИ, жөтел және басқа аурулардың белгілері салдарынан 30-дан астам адам вакцинадан бас тартқаны атап өтілді. Олар үшін иммундау мерзімі 2-4 аптаға кейінге қалдырылады. Вакциналаудан өткендерде жағымсыз реакциялар байқалған жоқ.
Сурет: vm.ru