Алматы қаласының Саялы ауданында ұрылар бір үйдің бір қабатындағы үш пәтерді тонап кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы WhatsApp редакциясына бейне жіберген сайттың оқырманы хабарлады
Ол 102-ші үйдің 5-ші қабатындағы үш пәтерді бірден тонап кеткенін хабарлады. «Ұрылар мүлдем «құтырды». Егер пәтерде балалар болса, не болатынын елестету қиын», – деп жазды ол.
Оқырман жіберген бейнероликте алаң мен пәтерлердің ашық есіктері көрінеді. Бөлмелердің астаң-кестеңі шыққан.
«26-ші, 27-ші, 28-ші пәтерлер. Масқара! Қараңыздар. Барлығы ақтарылған!»- дейді әйел кадрдың арғы жағында.
Алматы полициясында ұрлық фактісін растап, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Аталған факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы «Бөтен мүлікті ұрлау» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қылмысты тергеу бойынша арнайы жедел-тергеу тобы құрылды, сарапшылар ұрлық жасау механизмін сәйкестендіріп, жедел уәкілдер бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеуде.
Сурет: tengrinews.kz




