Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті 21 қаңтардан бастап оңтүстік астананың тұрғындарына SMS және мобильді қосымша арқылы жоспарлы вакцинация туралы хабарлайтын болады. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты, бірақ дәрігерлер азаматтарға респираторлық ауруларға қарсы екпе жасауды ұсынуда. Балалар аса қауіпті аймақта. Өткен жылғы тұмау, полиомиелит, қызылша мен менингиттің өршуі ата-аналарды балаларына екпе жасау туралы ойлануға мәжбүр етті.
“”Алматы эпидемиологтары 2019 жылдың 21 қаңтарынан бастап барлық ата-аналарды SMS және DAMU MED мобильдік қосымшасы арқылы егу күнтізбесі бойынша жұқпалы ауруларға қарсы жоспарлы вакцинациялау туралы хабардар етеді”, – деп хабарлады дәрігерлер.
Мобильді қосымша алматылықтарға 21 қаңтардан бастап жүктеу үшін қолжетімді болады. Ата-аналар өз балалары алуға тиіс екпелер туралы хабарламаны өткізіп алмау үшін, өз смартфондарына DAMU MED мобильдік қосымшасын орнатуды сұрайды.
Сулет: journalby.com