Қазақстанның оңтүстік астанасында Қазақстан-Өзбек демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті.Бұл туралы Қазақстан Республикасы сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі хабарлайды.
Отырыс барысында қатысушылар Маңғыстау облысы мен Қарақалпақстан арасындағы учаскеге мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі қорытынды құжаттардың бірқатар жобаларын дайындады.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, кездесуде шекаралық белгілер мен олардың координаттар каталогы, биіктіктері хаттамасының жобалары дайындалып, қол қойылды.
Отырыс соңында тараптар осы жылдың қараша айында Қазақстан-Өзбек мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде далалық демаркациялық жұмыстарды жүзеге асыруға уағдаласты.