Алматы әкімі Бауыржан Сағынтаев қалалық жер қатынастары басқармасының жаңа басшысын тағайындады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ардақ Самамбетов 1989 жылы туылған. Ол Қазақ гуманитарлық заң университеті мен Қазақ гуманитарлық-техникалық академиясын бітірген.
Самамбетов әр жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, Өңірлік даму министрлігінде, еліміздің Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істеді.
2016 жылдан бүгінгі күнге дейін ол Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.