Halyk Bank басшылығы коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тіркелген жағдайларының бірі Алматы қаласындағы банк ғимараттарының бірінде консультациялық қызмет көрсететін сыртқы ұйымның қызметкеріне келгенін хабарлады. Бұл туралы “Қазақстан Халық Банкі”АҚ хабарлады.
Банкте Денсаулық сақтау министрлігінің қолданыстағы алгоритміне сәйкес қалалық медицина қызметкерлерінің қатысуымен вирусты жұқтырған және онымен байланыста болған барлық қызметкерлер қажетті талдауларды тапсырғанын атап өтті. Бүгінгі таңда олар оқшауланып, карантинде тұр. Бұл ретте сыртқы компанияның қызметкері анықталған инфекциямен және банктің жанында болған қызметкерлері банк клиенттерімен байланыспаған.
Halyk Bank басшылығы өз клиенттері мен қызметкерлері денсаулығының барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған теңдессіз шаралар қабылдады. Кеңселік үй-жайлар мен бөлімшелерді үнемі санитарлық өңдеу жүзеге асырылады. Банктің барлық бөлімшелері, сондай-ақ банкоматтар штаттық режимде жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында коронавирусқа байланысты аурудың тоғыз жағдайы тіркелген,олардың Алматы қаласында-жеті жағдай, Нұр-Сұлтанда-екі жағдай. Стационарлық карантинде 1641 адам, ал үй карантинінде 981 адам бар.
Қытай мен шектес елдерден келген азаматтарды бақылау жалғасуда.