Алматы қаласының қадағалау органы мен экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері оңтүстік астанада жалған дәрі-дәрмек дайындайтын астыртын цехты тапты, деп хабарлайды «ҚазТАГ» жаңалықтар ресурсы.
Жедел-іздестіру шаралары кезінде жасырын цех қана емес, күмәнді дәрілік препараттар сақталған қойма да анықталды.
Алматы прокуратурасы мен экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері 100 тоннадан астам қолдан жасалған дәрі-дәрмектерді тауып, оларды тәркіледі. Қаскүнемдер жеңіл табыс табу мақсатында бұл дәрі-дәрмектерді сатуды көздеген.
Оңтүстік астананың қадағалау органы күмәнді медициналық препараттарды қаскүнемдер «Ротацеф», «Солкосерил», «Регидрон оптим», «Кальций-Д3 Никомед», «Цефамед», «Цераксон» және «Цефтазидим» сияқты сауда атауларымен сатуды жоспарлағанын түсіндіріп айтты
Сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстан Республикасында қажетті дәрі-дәрмектерді қымбат бағаға сататын теріс пиғылды адамдарды анықтап, оларды жауапкершілікке тарту жұмысы белсенді жүргізілуде.
Сурет: zdorovieinfo.ru




