Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі Алматыда жалпы сомасы 800 мың АҚШ доллары болатын жалған валютаны өткізу арнасының жолын кескендігін хабарлады.
Алматы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Оған 293 200 АҚШ доллары сомасындағы жалған валютаны бірнеше рет сатқан, сондай-ақ 800 000 жалған АҚШ долларын өткізу мақсатында сақтаған деген күдікке ілінді.
Күдіктіге қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Басқа ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Сурет: zakon.kz