Өткен тәулікте Алматы полицейлері қоғамдық көліктерде ұялы телефондарды, әмияндарды және басқа да бағалы заттарды ұрлағанына күдікті алты адамды ұстады.
Сондай-ақ, полицейлер бұрын ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған ұрыларды интернетте таратты.
“Тәжірибе көрсетіп отырғандай, тіпті бас бостандығынан айырғаннан кейін де, кейбір адамдар тиісті қорытынды жасамайды, бостандыққа шығып, қайтадан қылмыс жасайды. Жоғарыда көрсетілген азаматтар -олардың қатарында. Олар қылмыс үстінде ұсталды. Олардың құрбаны болған адамдарды дереу полицияға қоңырау шалуға шақырамыз “, – деді Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Сулет: inform.kz