Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының орынбасары Олжас Бектенов халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия тараптары Ассамблеясының сегізінші отырысында сөз сөйлеп, Алматы облысының вице-әкімі Бағдат Манзоровтың ұсталуына түсініктеме берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысының орынбасарының айтуынша, Бағдат Манзоров аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдікті.
“Манзоровқа қатысты тергеу жалғасуда. Іс-әрекет Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы бойынша (қызмет бабын пайдалана отырып аса ірі мөлшердегі алаяқтық) сараланады”, – деді Бектенов.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда прокуратураға үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтініш жолданды.
Олжас Бектенов Алматы облысы әкімінің орынбасарына қатысты іс бойынша қалған ақпарат әзірге жарияланбайтынын айтты.