Алматы облысында Талдықорғанға кіре берісте өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы орын алды.
Апатта екі адам қаза болды – ер адам мен әйел. Олар сана-сезімге келместен сол жерде қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлайды.
Екі адам қаза тапқаннан басқа, жол апатынан он төрт жастағы жасөспірім қыз қатты зардап шекті. Оны көптеген жарақаттармен Облыстық балалар ауруханасына жеткізді.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, апаттың мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Сурет: img.autoyas.com