Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов аймақта карантиндік режимді күшейту туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz ақпарат ресурсы.
Баймұхамбетовтың айтуынша, карантиндік шараларды жеңілдетуге дейін өңірдегі коронавирус ауруының деңгейі 2,5%-дан аспаған, алайда соңғы аптада ол 4,5%-ды құрады.
Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдай азаматтардың белгіленген талаптарды сақтамауынан нашарлады, осыған байланысты аймақта карантин күшейілді.
“Мен облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері ретінде карантиндік режимді күшейтуге, яғни, аудандар мен қалалар арасындағы санитарлық бекеттерді қайтаруға, жеке нысандар мен сауда үйлерінің жұмысына тыйым салуға мәжбүрмін”, – деді Баймұхамбетов.
Сондай-ақ, санитарлық дәрігер аймақта қоғамдық көлік қозғалысы шектелетінін және түрлі бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынатынын атап өтті.
Бүгінгі таңда Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 426 оқиғасы ресми түрде тіркелді, ал республикамызда олардың саны 12694 болды.