Алматы Қоғамдық кеңесінің 2019-2022 жылдарға арналған жаңа құрамы бекітілді, деп хабарлайды “ҚазАқпарат” халықаралық ақпарат агенттігі.
“Қоғамдық кеңестер туралы” ҚР Заңына сәйкес 28 ақпанда Алматы қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы кеңес мүшелерін іріктеу конкурсын жариялады.
Кеңестің өкілеттік мерзімі 3 жылды құрайды. Кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны мүшелердің жалпы санын кемінде 2/3-і болуға тиіс.
Байқау 28 ақпан-5 наурыз аралығында өткізіледі. 27 орынға 74 адам үміткер, оның 35-і қоғамдық ұйымдардан және 39-ы өзін-өзі ұсынғандар. 1 орынға 3 үміткер болды.
Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша кеңестің ІІ құрамы бекітілді. Мүшелердің жартысынан астамы өз орындарын сақтап қалды.
Бұған дейін сарапшылар қоғамдық кеңестерді сынға алды. Олардың пікірінше, кеңестер мемлекеттік органдарға тәуелді және олардың қызметін аса сынамайды.
Сурет: inform.kz