Бүгін Қазақстан астаналарында рұқсат етілмеген митингілер өткізуге әрекет жасалды, нәтижесінде полиция қызметкерлері белсенділерді ұстады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Дәл қазір құқық бұзушылық үшін 57 адам ұсталды, оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда”, – деп хабарлады құқық қорғау ведомствосынан.
ҚР ІІМ ақпараты бойынша, қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу үшін ҚР заңнамасына сәйкес барлық қажетті шаралар қабылдануда.
Бұған дейін ҚР Бас прокуратурасында біздің еліміздің азаматтарына арандатушылық жасамауға және санкцияланбаған митингтерге қатыспауға ескерту жасалды.
“Осыған қарамастан, кейбіріреулер азаматтардың тыныштығы қауіпсіздігіне және жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіре отырып, құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты қарсы әрекеттер жасай бастады”, – делінген ҚР ІІМ-де.