Қазіргі уақытта Алматы түбіндегі ұшақ апатынан тоғыз адам ауруханаларда медициналық көмек алуда. Бұл туралы Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі Әсел Бисенбаева мәлімдеді.
Оның айтуынша, зардап шеккен төрт адам № 4 қалалық клиникалық ауруханада, біреуі – жедел медициналық жәрдем ауруханасында, біреуі – Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында және тағы үшеуі – Нұр-Сұлтан медициналық мекемесінде медициналық көмек алуда.
Бүгінгі таңда әуе кемесінің апатқа ұшырауы салдарынан зардап шеккендердің, соның ішінде апатқа ұшыраған ұшақтың екінші ұшқышының да жағдайы тұрақты.
Биылғы жылдың 27 желтоқсанында еліміздің оңтүстік астанасына жақын жерде 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі бар әуе кемесі апатқа ұшырады. Апат салдарынан 12 адам қаза тауып, 60-тан астам адам жарақат алды.
Болған оқиғаның негізгі болжамына сәйкес, жолаушылар лайнері мұзданудан зардап шекті – әуе кемесінің үстінің мұздануы, бұл оның аэродинамикалық көрсеткіштерінің нашарлауына әсер еткен.
Сурет: tengrinews.kz