28 жасар алматылық, үйіне тез жету үшін, әуежай көлінен өтуге тырысқан.
Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, жас жігіт мас болған. Ол тыйым салу белгілеріне назар аудармаған.
Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкері “Әуежай көлінің” суда құтқару станциясының қарау мұнарасында кезекшілік етті. Ол батып жатқан адамның айғайына назар аударып,көмекке шақырды.
ҚР Ішкі істер Министрлігінің төтенше жағдайлар Комитеті республикалық жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері жігітті құтқарды.
ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті республикалық жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері жігітті құтқарды.
Қалалық ТЖД ескертеді: су қоймалары үстімен өтуге болмайды.
Сурет: 1obl.ru