Алматы әкімінің жаңа орынбасары болып Сапарбек Тұяқбаев тағайындалды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Алматы қаласы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша С. Тұяқбаев қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Тұяқбаев Түркия және Канада университеттерінде білім алды. Өз мансабын Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте, Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде, Президент Әкімшілігінде ұсақ лауазымдардан бастады. Тағайындалғанға дейін “Kazakh Invest “ҰК”АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.
Оның ізашары Марат Сембеков жаңа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.