Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Challenge Co бас директоры Казуо Сасакимен кездесу өткізді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Жапон сарапшысы әкімге EQ Guard жабдықтарының артықшылықтары туралы айтты.
Сонымен қатар, тараптар жер сілкіністері туралы ерте хабарлау жүйесін орнатуға қатысты мәселелерді қарастырды. Бақытжан Сағынтаев Алматыда осындай 25-35 станцияны орнату қажеттігін атап өтті.
Қала басшысының айтуынша, жер сілкіністері туралы ескертудің заманауи жүйелері қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралар кешенінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Бақытжан Сағынтаев Қазуо Сасаки сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы танымал сарапшы болып табылатынын атап өтті.
Сурет: Inform.kz