Алматы қаласының əкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі бетінде қала полицейлерімен жиналыс өткізгенін жазды.
“@dvd_galmaty және қоғамдық кеңеспен жиналыс өткіздім.Қылмысқа қарсы күрестің,криминалдық,есірткіге қарсы күресте ППҚ жəне учаскелік полицейлердің біріккен жұмыстарын жаңғырту жолдарын белгіледік.Алматы тұрғындар мен қонақтарға қауіпсіз қала болуы керек.Бұл ЖП жұмысының критерийі”-деп жазды Алматы əкімі.
Кездесу барысында Сағынтаев ұрлық,бұзақылық,қарақшылыққа қарсы күресті күшейту керектігін мәлімдеді.Əсірісе есірткі өткізумен айналысатын қылмыскерлерге ерекше көңіл аудару керектігін айтты.
“Полиция департаментіне учаскелік пунктерде тексеріс жүргізіп,жаңғырту бойынша ұсыныс енгізу қажет.Полиция жұмысында ең бастысы халықтың сенімі болу керек.Барлық мәселелер жеке өзімнің бақылауымда”- деді Алматы əкімі.