Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Алматы қаласының жедел жәрдем қызметі 28 жаңа автокөлік алды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев автомобиль кілттерін тапсыру рәсіміне қатысты. Әкім жедел жәрдем қызметкерлерін құттықтап, денсаулық сақтау қалалық әкімдік қызметінің басты басымдықтарының бірі екенін айтты.
“Медициналық қызметтерді техникалық жаңарту жалғасады. Оның ішінде жедел жәрдем бригадасын. Біздің міндетіміз – дәрігерлер “алтын сағат” ережесін сақтап, жедел жәрдем көрсету үшін барлық жағдай жасау”, – деді Бақытжан Сағынтаев.