Алматы қаласының көп балалы отбасылары үшін тұрғын үйге бастапқы жарнаны субсидиялауды ұсынады. “Нұр Отанның” қалалық партиялық конференциясында Алматы әкімі Бауыржан Байбек осындай бастаманы білдірді.
“Қала және аудан әкімдіктері аз қамтылған көп балалы аналармен кездесу өткізді. Аудандық филиал басшыларының есеп беру кездесулерінен ұсыныстар түседі. Айтылған мәселелерді талдау тұрғын үй мәселесі өте өткір екенін көрсетті. Тіпті жеңілдікті тұрғын үй бағдарламаларына қатысу үшін бастапқы жарнаға қаржылық мүмкіндіктер жетіспейді. Осыған байланысты төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар үшін бастапқы жарна төлеуді субсидиялау мүмкіндігін қарастыру қажет”, – деді Бауыржан Байбек
Бұдан бұрын Алматы әкімі көп балалы аналарға арналған “Бақытты отбасы” орталығын құруды ұсынды. Онда аналар заңгерлік және психологиялық кеңестер, оңалту көмегін ала алады. Бұл көп балалы аналардың өздері жұмысқа орналаса, алатын бір терезе қағидаты бойынша сервистік орталық болады.
Сулет: tengrinews.kz