Алматының стратегиялық басымдығы қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыс пен техногенді қауіп деңгейін төмендету болып табылады. Бұл туралы қала әкімі Бақтыжан Сағынтаев мәлімдеді.
«Бүгін Алматыда ел халқының 10% – ы тұрады, бірақ қылмыстың 20% – ы жасалады. Бұл өте алаңдаушылық статистика және кідіріссіз жауап беру керек. Ол үшін біз «Ақылды» қала – камералар, датчиктер, Big Data талдауы, жасанды интеллект технологияларын енгіземіз, олар қауіпсіздік тәуекелдерін тез анықтауға және шешім қабылдауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев «Алматы – 2050″қаласын ұзақ мерзімді дамыту жобасы туралы айтып өтті.
Ол қалада «жаппай жиналатын жерлердің бейнемониторинг жүйесі» жобасы жүзеге асырылып жатқанын айтты.
«2020 жылдың соңына дейін зияткерлік тану жүйесі мен бейнеаналитикасы бар 1 мың камера орнату жоспарлануда. Біз жол қозғалысы мен инфрақұрылымды сауатты жобалау мен ұйымдастыру есебінен жолдардағы жарақаттану мен өлім – жітімді азайтуға бағытталған жобаны жүзеге асыруды жалғастырамыз», – деді әкім.
Сондай-ақ, Сағынтаев қазір жоғары технологиялар арқылы сел қауіптілігін қадағалау жүйесін енгізу жүріп жатқанын айтты.
Сурет: kaztag.info