Bek Air әуекомпаниясының ұшағын соқты үй заңсыз салынған. Бұл туралы Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінде атап өткендей, екі қабатты бетонды ғимарат елді мекен шегінде болса да, жер кодексіне сәйкес дәл осы жер учаскесінде үйлер салуға жол берілмейді.
“Талғар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі Сәулет-жоспарлау тапсырмасы берілген жоқ, нобайлық жоба келісілмеген және салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі тіркелмеген”, – делінген хабарламада.
Bek Air компаниясының ұшағы Алматыдан Нұр-сұлтанға ұшып кетті,бірақ биіктігінен айырылып, ғимаратқа соғылды. Трагедияның салдарынан 12 адам қаза тапты. Бүгінгі таңда авиакомпанияның қызметі тоқтатылды,ал қаза тапқандардың отбасыларына ақшалай өтемақы төленеді.
Сурет: today.kz