Алматының бас еңбек инспекторы Айнұр Мұқажанованың қатысуымен онлайн-брифинг өтті. Оның барысында қала кәсіпорындарының өз қызметкерлері алдындағы қарыздарын тексерудің нәтижесін айтты, – деп хабарлайды tengrinews.kz ақпарат ресурсы.
Мұқажанованың айтуынша, Алматы инспекторлары 81 тексеру жүргізіп, нәтижесінде банкрот-кәсіпорындар төтенше жағдай кезінде өз қызметкерлеріне 440 миллион теңгеден астам қарыз екенін анықтаған.
Бас еңбек инспекторының айтуы бойынша, қабылданған шаралардың нәтижесінде, қызметкерлер алдындағы берешек 35 кәсіпорында 72 миллион теңге қарызы өтелді.
Сондай-ақ онлайн-брифинг барысында Айнұр Мұқажанова қазір наурыз-сәуір айларында зейнетақы аударымдарын төмендеткен кәсіпкерлерді тексеріп жатқанын айтты. Ол бизнесмендерге қатысты пәрменді шаралар қабылданатынын атап өтті.
11 мамырдан бастап Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимі тоқтатылды, алайда оған қарамастан, елде, оның ішінде Алматыда да, карантиндік шаралар сақталды.
Сурет: businessmir.kz