Алматы қаласы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігінде мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауына ведомство өкілдері байқаушы ретінде қатысатыны жарияланды. Бұл туралы жаңалықтар ресурсы zakon.kz хабарлайды.
Мұндай шешім еңбек адамының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын біздің еліміздегі ең ірі қоғамдық бірлестікте аса маңызды ішкі саяси процестерден тыс қала алмайтындығынан туындады.
Алматы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің өкілдері Қазақстанның сайлау заңнамасының барлық қағидаларының сақталуын қадағалауды, сондай-ақ сайлау рәсімінің ашықтығын дауыс беру күні де қадағалауды жоспарлап отыр.
Құрамына Алматы қаласының 715 бастауыш кәсіподақ ұйымы кіретін бірлестікте қазақстандықтардың ерік білдіру бостандығы жұмыс берушілердің немесе атқарушы билік органдарының өкілдері тарапынан қандай да бір қысыммен бұзылмауға тиіс деп мәлімдеді.
“Бірлік, әділдік, даму – Алматы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жұмысының негізгі қағидаттары. Біз еңбекшілердің мәселесін шешуге қатыстылық таныту және олардың таңдау еркіндігіне конституциялық құқығын жүзеге асыруына қолдау көрсету – бұл аса маңызды жалпыадамзаттық құндылықтар деп санаймыз”, – делінген ұйымның үндеуінде.
Депутаттар сайлауы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен келесі жылдың 10 қаңтарына белгіленді.
Сурет: zakon.kz