Кеше Алматы-Бішкек трассасында жол-көлік оқиғасы орын алды. Онда жаяу жүргіншіні қағып кетті. Апатқа кінәлі жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Zakon.kz агенттік хабарлайды.
“Mazda 626” автокөлігі жол бойымен шығысқа қарай бет алды. Әзірге белгісіз жағдайлар бойынша жүргізуші көлігін басқара алмай, жол жиегіне шығып кеткен де жаяу жүргіншіні қағып,одан кейін жол айрығы тірегіне соғылған.
Жаяу жүргінші алған жарақатынан “жедел жәрдем”дәрігерлері келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші жақын жердегі медициналық мекемеге жедел жеткізілді.
Полиция апат болған жерде барлық қажетті сараптамалар жүргізіп, жол-көлік оқиғасын тергеумен айналысуда.
Сурет: zakon.kz