Желіде Мәскеуден келген алматылықтардың Ақтөбеде бірнеше күн карантинге алынып, енді қаладан шыға алмай жатқанын хабарлады. Бұл туралы ҚазТАГ ақпараттық арнасы хабарлайды.
Ақтөбеде карантинде болған бір алматылық Евгений Типаков Мәскеуден Қазақстанға ішкі істер органдары қызметкерлерінің ілесіп жүруімен қиындықсыз жеткенін айтты.
Оның айтуынша, Ресей астанасынан шыққанда, қазақстандық елшіліктің қызметкерлері келген соң әкімдіктер автобустар ұйымдастырып, қазақстандықтарды үйлеріне жеткізеді деп сендірді.
“Шекарада біз талдаулар өткіздік, адамдардың бір бөлігін оқшауланды, бізге науқас екеніміз туралы анықтама берді, бізді әкімдіктер алып кету керек еді. Барлық әкімдіктер солай жасады, алматылықтан басқа. Біз үшінші күні Алматы әкімдігімен байланыса алмай жатырмыз. Мен арғы күні 12:40-та қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш бердім. Біз не істеуіміз керек? Не істеуіміз керек? Мен 41 жастамын, біз жұбайым екеуміз ота жасаттық, әйелімнің тізесіне ота жасады”, – деді Евгений Типаков.
Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов пікірін айтты. Оның айтуынша, оңтүстік астананың қала басшысы Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша шыға алмай қалған алматылықтарды үйлеріне жеткізетін автобус Ақтөбеге бүгін келеді.