Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлері жедел жұмыс барысында қаруды заңсыз өткізумен айналысқан төрт ер адам ұсталды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Ұсталған азаматтар бұрын зорлау, алаяқтық, құжаттарды қолдан жасау, атыс қаруын сақтау және өткізу, қарақшылық шабуыл жасау және адамға ауыр дене жарақатын келтіргені үшін сотталған”, – деді құқық қорғау ведомствосында.
Полиция қызметкерлері күдіктілерді тінту кезінде “РГД-5” гранаты, тапанша, оның төрт патроны және пышақ тәркіленді. Қазіргі уақытта қару сатушылар қамауда, атыс қаруына сараптама жүргізілуде. Ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Соңғы үкім сот арқылы шығарылады.