Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров бүгін брифинг өткізді, оның барысында оңтүстік астанада коронавирус науқастарына арналған төсек-орын жетпеуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды “ҚазТАГ” ақпарат ресурсы.
Оның айтуынша, қазір мегаполисте медициналық мекемелерде инфекция жұқтырған азаматтар санының өсуі байқалады. Осыған қарамастан, Алматыдағы ауруханаларында төсек-орын жеткілікті.
“Бірақ денсаулық сақтау жүйесінің ресурсы шексіз емес екенін түсіну керек. Жаппай жұқтыру кезінде біздің ресурстарымыз, бос төсек орындары тапшылық тудыруы мүмкін деген қауіп бар”, – деді Надыров.
Сонымен қатар, ол, егер жаппай жұқтыру орын алса, қалада пациенттерді ауырлық дәрежесі бойынша сұрыптап, басқа бірқатар мемлекеттер жасағандай, ауыр науқастарға ғана көмек көрсетуге тура келетінін айтты.
Бұған дейін Алматы билігі оңтүстік астанада карантин режимін тағы да қатаңдату туралы шешім қабылдағаны хабарланған.
Бүгінгі күні Алматыда COVID-19 ауруының 3113 жағдай тіркелді, ал Қазақстан Республикасында короновируспен ауырғандардың жалпы саны 14809.
Сурет: kaztag.kz