Танымал қазақстандық актер Фархат Әбдірайымов өмірден озды,.
Керемет актер және жақсы адам Фархат Әбдірайымов Грузияда кино түсірілім алаңында қайтыс болды. Қаңтарда ол 55 жасқа толған болатын, делінген Козачков Telegram арнасында.
Ол кинофильмдерде, жарнамалық роликтерде және шоуларда ойнады. Көптеген марапаттар мен сыйлықтарға ие болды. Олардың қатарында “Жылдың кино жұлдызы” (2000), “Күміс Георгий” (1999) және басқалары бар.
Оның кино карьерасы 1994 жылы басталды. Ол “Шанхай”, “Любовь под прикрытием”, “Застава”,”Фара”,”Анажан”, “Статья на двоих” сынды фильмдерде ойнады.
Қазақстандық және ресейлік көрермендер “Фара” фильмінен оны жақсы таниды. Бұл фильмде Фархат Әбдірайымов Кристина Орбакайтемен бірге ойнады.