Қазақстандық Air Astana әуекомпаниясы отандастарымызды Лондоннан елге жеткізу үшін екі қосымша рейс ұйымдастыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды nur.kz жаңалықтар ресурсы.
Air Astana әуекомпаниясында Ұлыбритания астанасымен қосымша репатриациялық рейстерді ұйымдастыру туралы шешім екі елдің азаматтарынан түскен өтініштерге байланысты қабылданғанын айтты.
13 сәуірде Air Astana компаниясының ұшағы Лондонға ұшып шығады. Келесі күні әуе кемесі Қазақстанға қайтып оралып, отандастарымызды үйлеріне жеткізеді.
Сонымен қатар, Air Astana әуе тасымалдаушысының өкілдері Лондоннан ұшақ Астанаға емес, Петропавлға қонатынын нақтылап айтты.
Бұрыныақ Air Astana әуекомпаниясы сәуір айының соңына дейін барлық ішкі және халықаралық рейстерді тоқтататынын хабарлаған. Мұндай шешім біздің республикадағы төтенше жағдай режимі ұзартылғандықтан қабылданды.