Бүгін Қазақстанның Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Анар Әбілқасованы Ғылым комитетінің төрағасы етіп тағайындағаны белгілі болды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Анар Әбілқасова 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Өзінің еңбек жолын Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасының оқытушысы болып бастады. Ол осы университетте журналистика мамандығы бойынша білім алған.
Абылқасова Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымында 2009 жылдан 2015 жылға дейін жұмыс істеді. Хатшылықтың сарапшысы, сектор меңгерушісі, талдау бөлімінің кеңесшісі, ахуалдық орталық секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2015 жылдың шілдесінен бүгінгі күнге дейін ол Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.
Сурет: informburo.kz