Куәгерлер Ақтауда жанып жатқан «ГАЗель»-ді бейнеге түсірді. Бұл туралы «Лада» жергілікті басылымы хабарлайды.
«Газель» кеше, 6 шілдеде, шамамен сағат 21:30-да «Prestige» жиһаз салонының жанында өртенді.
Маңғыстау облысының ТЖД мәліметі бойынша, оқиғада ешкім зардап шеккен жоқ.