Ақтөбе облысының әкімшілігі коронавирустық инфекцияның белсенді таралуына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтті. Бұл туралы Ақтөбе тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомстводан хабарлағандай, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Халықаралық әуежайда да, Ақтөбе теміржол вокзалында да күшейтілді. Бұл Қытай вирусының таралмауы үшін жасалды.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысында тұрақты негізде аймаққа тек Қытайдан ғана емес, басқа да шет мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жүргізіледі.
Сондай-ақ, облыстық департаментте “Жайсан” және “Әлімбет” шекара маңындағы өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік пункттер ұйымдастырылғанын атап өтті.
Өңірдің медициналық мекемелері мен Ақтөбе халықаралық әуежайында Қытай коронавирусын оқшаулау бойынша түрлі оқу-жаттығу сабақтары үнемі өткізіліп тұрады. Сонымен қатар, инфекцияны диагностикалау бойынша медицина қызметкерлеріне арналған семинар сабақтары ұйымдастырылды.
Сурет: inform.kz