Ақтөбеде кәсіпкерлер “Мега Шығыс” базарында митинг ұйымдастырды. Саудагерлердің наразылығының себебі қарапайым – олар “өлі маусым” деп аталатын кезеңде базарда жалдау ақысын төмендетуді талап етті. Митингке 100-ден астам адам қатысты.
“Мега Шығыс” базарындағы сауда алаңдары үшін жалдау ақысы қаладағы ең жоғары болып табылады. 20 шаршы метрді құрайтын бутиктердегі жалға алу 110 мың теңге.
“Қазір сауда жоқ және тауар бағасын көтере алмайсың, себебі сатып алмайды. Сондықтан, біз ең болмаса жалды жабу үшін, өз бағасына дерлік береміз. Бірақ аптасына үш зат сатылса, жақсы. Мұндай биік жалда шығынға түсіп кетесің. Амал жоқ. Басқа базарларда бос орын жоқ. Көптеген бутиктер сатып алынған”, – дейді кәсіпкер Жанна.
Алайда, коммерсанттардың айтуынша, жалға беру құны туралы мәселе ашық қалды. Митингте айтылған наразылықтан кейін, кәсіпкерлер өздерінің сауда нүктелер тарқасты. Базардың әкімшілігі наразылық көрсеткендерге жалға алу құнын төмендетпейтінін айтты.
Сулет: news.mail.ru