Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

4 года назад
Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.

 

Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін тартуға асығар емес, деп хабарлайдыКТКарнасы.

Олар жақында ғана газ құбырын тартуға тендер жариялап, кейін оны тоқтатып тастаған. Бұған ашынған жаңақоныстықтар облыс әкімдігінде наразылық ұйымдастырды.

Ақтөбе облысы әкімігінің алдына жиналған тұрғындардың мақсаты – қала шетіндегі ауылға әлі күнге ат ізін салмаған әкім-қараларды күтіп алып, мәселесін айту.

Жаңақоныс-4 ауылынан кезекте тұрғындарға жер берерде әкімдіктегілер тез баспана тұрғызуды бұйырған. Коммуникацияны да бір жылда тартып береміз деп уәде етіпті. Бірақ қазір баспана бар, ал су, жылу құбыры жоқ.

«Бізге екі жыл уақыт берді, үй салмасаңдар жерлеріңді тартып аламыз деді. Барымызды сатып, несие алып үй салдық. Үй тұрғызып қойдық. Енді не газ жоқ, не жарық жоқ. Біздің жанайқайымыз осы», – дейді ауыл тұрғыны Жұмабек Амантурин.

Осыдан төрт-бес жыл бұрын Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылынан мыңнан аса жер телімі берілген. Содан бері 300-ге жуық үй салыныпты. Бірақ олардың көбісі қаңырап бос тұр. Өйткені көшіп келейін десе, коммуникация тартылмаған.

Тұрғындар қаңырап тұрған үйлеріне қыс бойы ұры-қарылар маза бермегенін айтады. Одан қалды баспаналары бола тұра, комуникацияның жоқтығынан қаңғып жүргеніне налиды.

«Осы уақытқа дейін халықты тентіретіп, осылай иттей қылып қойды. Бала-шағамыз бар. Үй салғанмен, не үй сияқты емес, былай қарасаң. Далада отырған сияқтысың. Газ жоқ. Бірінші мәселе – газ. Суды адам тасып, бірдеме қылар. Газы, жылуы жоқ жерде қалай тұрады», – Қарлығаш Қарманова.

Бұл елдімекен Ақтөбенің Астана ауданына қарайды. Жаңақоныстықтар ауылға газ құбырын тартып берсе, қалған мәселені өзіміз шешерміз деп отыр. Бірақ әкімдер оған ақша жоқ дейді. Көгілдір отынға тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастапты.

«Тендер жарияланды. Бірақ сол мәселені республика бізден қабылдамады. Соның кесірінен тендерді тоқтаттық. Республикадан бөлінетін қаражат болмауына байланысты. Жергілікті бюджеттен қарастырылады», – Астана ауданының әкімі Мамырғали Аққағазов.

Негізінен ауылға газ тартуға 200 миллионнан аса қаржы керек. Бірақ ол облыс қазынасынан биыл табыла қоятынын шенеуніктер айта алмайды. Сондықтан коммуникацияның Жаңақоныс-4-ке толық қашан тартылатыны әзір белгісіз.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

Келесі

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

Дариға мен Байбек жүр. Нұр-Сұлтанға жаңа саябақ тарту етілді
Тарих фактілері

Дариға мен Байбек жүр. Нұр-Сұлтанға жаңа саябақ тарту етілді

27/05/2021 20:21

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы мұражайы ғимаратының жанындағы саябақ аймағы жаңа спорт алаңдарымен және демалыс аймақтарымен толықты, деп хабарлайды zakon.kz. Саябақ Елорда тұрғындары мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орнының бірі. Мұражай ғимаратының жанында балалар ойнайтын жаңа заманауи алаңдар, сахна алаңы, "Workout" алаңы,...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.