Бүгін дәстүрлі облыстық тамыз конференциясы барысында үздік педагогтарға, сондай-ақ білім беру саласының үздік ұйымдарына ақшалай сыйлықтар мен сертификаттар табыс етілді. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин ақшалай сертификаттар табыс етті, деп ХАА “ҚазАқпарат” хабарлайды тілшісі.
Салтанатты шара барысында облыс әкімі Оңдасын Оразалин “үздік білім беру ұйымы”байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Атап айтқанда, Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған “Білім инновация” арнайы лицей-интернатына 8 млн теңгеге сертификат берілді. Сонымен қатар, жеңімпаздар – Ақтөбе қаласының №17 орта мектеп-гимназиясы, №23 мектеп-лицейі, Темір ауданының №1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясы. Оларға бірнеше миллион теңгеге сертификаттар табыс етілді.
100 мың теңгеден ақшалай сыйлық және облыс әкімінің алғыс хаттарымен 21 үздік педагогтың жұмысы атап өтілді.
Сурет: inform.kz